Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу – басты міндет

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу – басты міндет

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу – басты міндет.

Версия для печати PDF.

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Аудандық прокуратураның қадағалау аумағында кәмелетке толмағандармен 2014 жылы 17 қылмыстар жасалған болса, 2015 жылдың 12 айында 9 қылмыстар тіркеліп, осы көрсеткіш 52% немесе 8 қылмысқа төмендеп отыр.

Оның төмендеуіне бірден бір себеп, аудандық прокуратура және ішкі істер органдары тарапынан ұдайы жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шаралар және аудан көлеміндегі білім ошақтарында жүйелі түрде ұйымдастырылып өткізілген жиналыстар мен тәрбиелік мәні бар лекциялардың үлесі.

Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұ­мысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жас­өспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құ­қықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі. Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту күнтәртібінде тұр.

Мысалы, №1 мобильдік топпен 16.12.2015 жылы түнгі уақытта рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 5 жас өспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде (компьютерлік клубта) заңды өкілінсіз жүргендері анықталып, олардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қыл­мыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұр­ған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағ­ды­рына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүрген­дерін қадағаламауынан орын алады.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, әр-бір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.

Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсіндіреміз.

прокуратурасының прокуроры С.Сейілханов.

__________________________________________________

Почитать еще:

Оставить комментарий